Майк Тайсон Fox News арнасына дінге қатысты сұхбат берді

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кезінде ауыр салмақты боксшылардың арасында топ жарып, әлем чемпионы атанған Майк Тайсон Fox News арнасында кеңінен көсілген сұхбатында дінге қатысты қойылған сауалға былай жауап берді: «Мен мұсылман болғаным үшін тағдырыма ризамын.

Майк Тайсон Fox News арнасына дінге қатысты сұхбат берді

Алла маған емес, мен оған мұқтажбын. Мен ешуақытта сабырлы әрі төзімді болған емеспін. Бәлкім, менің бойымда «сабыр» дейтін қасиет жоқ та шығар. Әйтсе де, талай адам мен туралы басқаша ойлайды. Алайда, мен олар ойлағандай сабырлы емеспін. Не нәрсеге де болсын сабырмен қарайтын шыдамды, момын жан болғым-ақ келеді. Бірақ, не шара, бұл - қиынның қиыны. Жалпы алғанда, момындық - өзіңе жете мән бермеуді білдіреді деп ойлаймын. Десем де, осы үддеден шығуға талпынып келемін».

2003 жылы бұрынғы чемпионның өмірі қыл үстінде тұрған еді. Ішімдік, есірткі есін алып, оны түрлі қылмысқа шатылған деп айыптады. Алайда, ерік-жігері мықты ол өмірін түбегейлі өзгертеді. Майк Тайсон «Вегастағы серілік» деп аталатын күлдіргі фильмде бағын сынап көрді. Сонымен қатар, теледидарда думанды бағдарламаны жүргізеді. Жуырда жарыққа шыққан «Күмәнсіз шындық» деп аталатын ғұмырбаяндық кітабында ол спорттағы және одан тыс өмірінен сыр шертеді, деп жазады muslim.kz.