Майқапшағай кеден бекетінде радиациялық тауар кері қайтарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментіне қарасты Майқапшағай кеден бекетінде радиациясы мөлшерден тыс тауар кері қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

25 қаңтарда аталмыш кеден бекетіне Қытайдан кенді ыдырату үшін өндірісте қолданылатын керамикалық шарлар келіп түскен. Кедендік одақ аумағына арнайы тапсырыс  бойынша жіберілген тауарды Майқапшағай бекетінің қызметкерлері радиацияға тексерген. «Янтарь-1А» қондырғысы тауардың құрамындағы радиация мөлшері нормадан 3,4 есе көп екенін анықтаған.

«Өндірістік тауардың жалпы салмағы 1555000 келі. Тауар дереу Қытай Халық Республикасына қайтарылды. Кеден бекетінің радиациялық заттарды анықтауға арналған озық қондырғылармен жабдықталуының арқасында тағы да бір зиянды тауар ел аумағына жіберілген жоқ», - делінген облыстық кедендік бақылау департаментінің мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар