«Майқапшағай» кеденінде 5 млн. теңгенің контрабандалық тауары ұсталды

ӨСКЕМЕН. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Майқапшағай» кеден бекетінде жалпы құны 5 млн. теңгені құрайтын контрабандалық тауарлардың ірі партиясы ұсталды.
None
None

Өзінің «ФОТОН» жүк фургонын декларациялаған РФ азаматы тауарларды заңсыз өткізбек болған, деп хабарлады ШҚО-ның кедендік ведомствосынан.

Кеден және контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері фургонды тексеру кезінде транзиттік декларацияда көрсетілмеген жиһаздың 3 жинағын, балалар және әйелдер киімінің 18 жинағын анықтады.

Кедендік түсімдер басқармасының есебіне сәйкес, декларацияланбаған тауардың кедендік құны 5 222 226, 97 теңгені, кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы - 2 014 924,27 теңгені құрады.

Декларацияланбаған тауарлармен байланысты ірі көлемдегі тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар