Майқайыңдағы апат: автобустың шанағы мен құтқарушылардың сөмкесі табылды

Майқайың
Фото: Валерий Бугаев

АСТАНА. KAZINFORM – Ойық түбіне түсірілген шағын экскаватор жер қазу жұмыстары барысында автобустың шанақ бөлігін тапты. Сондай-ақ топырақ арасынан құтқарушылардың жолсапар журналы мен жұмыс құжаттары салынған сөмке шыққан.

Оқиға орнында құрылған жедел штаб өкілдері хабарлағандай, бүгін сағат 14.45-те «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы опырылған шұңқырдың түбіне шағын көлемді экскаватор түсірілді.

Майқайың
Фото: Валерий Бугаев

Техника шұңқырдың бүйір қабырғалары құлау қаупін ескере отырып, жер қазу жұмыстарын аса сақтықпен жүргізген.

- Жұмыстарды жүргізу кезінде ішінде жұмыс құжаттары мен жолсапар журналы бар құтқарушылар сөмкесі, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлігі табылды. Іздестіру әлі де жалғасуда. Автобустың болжамды орналасқан жеріне дейінгі топырақ қазып қазып алынған соң, экскаватордың жұмысы аяқталады. Мамандар жер астында жатқан автобусты жоғары көтеру жұмыстарын бастайды. Біз бұл жұмыстарды бүгін-ертең аяқтаймыз деп үміттенеміз,-делінген Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осы уақытқа дейін барлығы 200 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылған. Іздестіру жұмыстарына 141 адам, 50 бірлік техника, 1 кинологиялық топ және 2 дрон жұмылдырылған.

Майқайың
Фото: Валерий Бугаев
Майқайың
Фото: Валерий Бугаев
Майқайың
Фото: Валерий Бугаев

 

 

Соңғы жаңалықтар