Майқайыңдағы апат туралы халықаралық сарапшылардың пікірі қандай

Майқайың
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

«ПАВЛОДАР. KAZINFORM – «Майқайыңалтын» АҚ кенішінде іздестіру-құтқару жұмыстары басталғалы бері ҚР ТЖМ, Павлодар облысы ТЖД авариялық-құтқару қызметтері қауымдастығы халықаралық мамандармен үнемі кеңесіп отырды. Бұл туралы  ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті РФ ТЖМ авариялық-құтқару жұмыстары басқарма бастығы осы уақытқа дейін Өзбекстан Республикасы ТЖМ Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы, Қырғыз Республикасы ТЖМ Құтқарушыларды даярлау орталығының орынбасары, Беларусь Республикасы ТЖМ Авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығымен қолда бар технологиялар және ұқсас іздеу-құтқару операцияларын жүргізу мәселесі бойынша тәжірибе алмасу бойынша консультативтік жұмыстар жүргізген.

Тап осындай жұмысты Павлодар облысының ТЖ департаменті де жүргізді. РФ ТЖМ ТЖ жою департаменті ТЖ халықаралық жою басқармасының бастығы, Беларусь Республикасы ТЖМ, РФ ТЖМ ТЖД авариялық-құтқару жұмыстары басқармасы бастығы, Беларусь Республикасы ТЖМ «ЗУБР» Республикалық арнайы мақсаттағы жасағының Минск орталығының бастығы, Қырғыз Республикасы ТЖ министрінің экс орынбасарымен консультациялар өткізілді.

Дәл осы бағыттағы жұмысты Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметтері қауымдастығы да жүргізді.

«Шетелдік серіктестермен — жетекші кәсіби авариялық-құтқару (тау-кен құтқару) қызметтерімен және Оңтүстік Африка, Ресей, Канада серіктестерімен консультациялар өткізілді. Халықаралық сарапшылар дәл осы сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелмегенін атап өтті. Алайда басқа ерекшеліктері бар шахта апаттары тіркелді. Қазақстандық құтқарушылардың іс-әрекеттеріне шетелдік мамандардың пікірлері оң» - делінген хабарламада. 

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, топырақтың қолда бар сипаттамаларында қолдануға болатын максималды күштер мен құралдарды тарта отырып, орасан зор көлемді жұмыс жүргізілген.

Жоғарыда аталған консультативтік кеңеске қатысқан барлық халықаралық сарапшылар жұмысты одан әрі жалғастыру қауіпті екенін атап өтті. Өйткені объектідегі құтқару жұмыстарына топырақтың тұрақсыз күйі, шұңқырдың беткейлеріндегі топырақтың сусылдап төгілуі әрі шұңқырдың астындағы бос қуыстар кедергі келтіріп отыр. 

Мамандардың пікірінше, бұл жағдай құтқарушылардың өміріне қауіп төндіреді. 

Соңғы жаңалықтар