Майки Гарсия: «Головкин-Канело кездесуі келесі жылы болмайды»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі салмақтағы экс-чемпион Мигель Анхель Гарсия EsNews-ке берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес «Канело» кездесуі жайлы пікір айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Головкин-Канело кездесуі келесі жылы нақты болмайды. Канело өзіне әлсіздеу қарсыластар іздейді, ал Головкин қазір бабында, яғни Альварес пен оның промоутері ақшаларын жоғалтуы мүмкін. Бәрі бұның бизнес екенін біледі. Бұл кездесу болғанда, ол үлкен оқиға саналары сөзсіз. Бірақ ол нақты келесі жылы бола қоймайды», - дейді Гарсия.

Еске сала кетейік, қос боксшының промоутерлері Том Лёффлер мен Оскар де ла Хойя кездесуді 2017 жылы өткізу туралы ауызша келісім жасасқан.

Соңғы жаңалықтар