Майкл Джексон қайта жерленеді - New York Daily News басылымы

АСТАНА.  Тамыздың  18-і. ҚазАқпарат   -Поп-музыка королі Майкл  Джексон   тамыздың  29-ы күні -    51  жасқа  толатын  күні  -   Лос-Анжелестегі  Forest Lawn   зиратына жерленетін болады,  

Майкл  Джексон  қайта жерленеді - New York Daily News   басылымы

деп   хабарлады  дүйсенбі күні New York Daily News  басылымы    әртістің әкесі  Джо Джексонға сілтеме  жасап.

 Майкл Джексон   маусымның  25-інде ес-түзсіз  жағдайда жеткізілген Лос-Анжелес  ауруханасында  көз жұмған болатын.

Әлемдік  бұқаралық ақпарат  құралдары атақты әншінің   жерленгені  туралы   бірнеше  рет   жазды - соңғы  рет      мұндай ақпарат  тамыздың  10-ында      болып еді.   Бірақ та,    әншінің  отбасы  бұл  фактіні  әлі  ресми    қуаттаған жоқ.

 New York Daily News басылымының   жазуынша,   әншінің    жерленетіндігі  туралы  Джо Джексон  Palms   отелінде  газеттің   Лас-Вегастағы     тілшісі Стив Фрайссқа берген    сұхбатында айтқан.

 Әншінің   өлімінің  ресми  себебі  әлі күнге  дейін  аталған жоқ.    Оның жүрегі   күшті  әсер ететін дәрінің  әсерінен  тоқтап    қалды  деген  пайымдау айтылуда.