Майкл Джексон қайтыс болды

МӘСКЕУ. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат - Американдық әнші, «поп-музыка королі» Майкл Джексон кеше 50 жасында қайтыс болды.

Майкл Джексон қайтыс болды

  Кеше батыстық агенттіктер жүрек талмасы деген күдікпен әншінің шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенін мәлім еткен еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдары «поп-музыка королі» деп дәріптеген Джексон соңғы жылдары концерттік қызметін тоқтатқан болатын. Сансыз пластикалық операциялар жасатқан оның денсаулығының жай-күйіне дәрігерлер қатты алаңдаушылық танытатын.