Майкл Джексон қайтыс болған үй 24 миллион долларға сатылады

АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Лондонда 2009 жылы 25 маусымда поп музыканың королі Майкл Джексон қайтыс болған үй 23,9 миллион долларға сатылымға шығарылды.

Майкл Джексон қайтыс болған үй 24 миллион долларға сатылады

 Бұл туралы утро. ру хабарлады.

 1,6 мың гектар аумақтағы үйдің сатылымы жайлы дүйсенбі күні жарияланған еді. Танымал әнші көз жұмған зәулім үй Лос-Анджелес қаласының North Carolwood Drive 100 мекен-жайы бойынша ең әлеуетті де дәулетті ауданында орналасқан. Вилла 2002 жылы салынған болатын, оның аумағында бассейн мен қонақтар үшін бөлек үй бар екен.

Әнші тірі кезінде бұл үйді жалға алып, айына 100 мың АҚШ долларын төлеген болатын.