Майкл Джексон өлімнен кейін «табыс тауып жатқан» жұлдыздар тізімін бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Майкл Джексон дүниеден озғаннан кейін де ақша «тауып жатқан» танымал адамдардың жыл сайынғы рейтингінде үлкен басымдықпен көш бастады.
None
None

Рейтинг Forbes журналында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ТАСС» агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым қызметкерлері есептеп шыққандай, 2009 жылы қайтыс болған «поп-музыка королі» еңбегінің жемісі, сондай-ақ оның иелігінде болған операциялар 12 айдың ішінде әншінің мұрагерлеріне барлығы 825 млн. АҚШ доллар алып келді. Оның 750 млн. доллары Джексонның әлемдегі ең ірі  Sony/ATV дыбыс жазу компаниясындағы үлесін сатудан түсті. Әнші аталмыш рейтингті төртінші жыл бастап келеді.

Тізімнің екінші орнында 2000 жылы дүниеден озған америкалық суретші-карикатурашы Чарльз Шульц тұр. Есептік кезеңдегі Шульцтың «табысы» 48 млн. АҚШ долларын құрады.

Үшінші позицияға ағымдағы жылдың қыркүйегінде қайтыс болған кәсіби гольфшы Арнольд Палмер орнықты. Оның нәтижесі 40 млн. АҚШ доллары. 

Соңғы жаңалықтар