Майкл Джексон сахнаға оралуы мүмкін

ЛОНДОН. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат – Майкл Джексон қайтадан сахнаға шығатындығын жария еткелі отыр.
None
None
Орындаушы бұл мәлімдемені бүгін Лондондағы O2 концерттік алаңында жария етеді деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС телеарнасына сілтеме жасап. Джексонның сахнаға оралуы туралы сөздер соңғы кезде жиі айтылып келеді. Әнші соңғы рет сахнада 2006 жылы Лондонда World Music Awards сыйлығын табыс ету рәсімінде өнер көрсетіп, бір ғана ән орындаған болатын. Ал оның соңғы концерттік сапары осыдан 12 жыл бұрын өткен.
Соңғы жаңалықтар