Майкл Джексон туралы фильм әлемдік прокатта 217 млн доллар жинап, рекорд орнатты

АСТАНА. KAZINFORM – Майкл Джексон туралы түсірілген өмірбаяндық «Майкл» фильмі прокаттың алғашқы кезеңінде рекордтық табысқа қол жеткізіп, әлем бойынша 217,4 млн доллар жинады, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Майкл Джексон туралы фильм әлемдік прокатта 217 млн доллар жинап, рекорд орнатты
Фото: Universal Pictures

Lionsgate студиясының мәліметінше, аталған соманың 97 млн доллары АҚШ пен Канада нарығына тиесілі.

Картина музыканттар туралы түсірілген өмірбаяндық фильмдер арасында жаңа рекорд орнатып, бұған дейін жанр көшбасшысы саналған «Straight Outta Compton» және «Богемалық рапсодия» фильмдерінің бастапқы кассалық көрсеткіштерінен асып түсті.

Халықаралық прокатты көптеген нарықтарда Universal Pictures компаниясы жүзеге асырды. Жоба Lionsgate студиясы үшін ең тәуекелі жоғары жобалардың бірі саналды. Джексонның тұлғасы оған қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық айыптауларына байланысты әлі күнге дейін пікірталас тудырып келеді. Әнші бұл айыптарды жоққа шығарған, ал 2005 жылы сот оны ақтап шыққан.

Фильм өнерпаздың отбасы ішінде де түрлі пікір туғызды. Атап айтқанда, Джанет Джексон түсірілімге қатыспаса, әншінің қызы Пэрис Джексон картинаға сын айтқан.

Басты рөлді әншінің жиені Джаафар Джексон сомдады.

«Майкл» фильмінің сәтті басталуы Голливудтағы көктемгі маусымның жоғары қарқынын жалғастырды. Басқа кассалық хиттердің қатарында Amazon MGM Studios түсірген «Проект «Хайль Мэри» және Universal ұсынған «Супер Марио: Галактика» фильмдері бар.

Бұған дейін Голливуд жұлдыздары Paramount пен Warner Bros компанияларының бірігуіне қарсы шыққаны хабарланғанды.