18:36, 29 Қазан 2009 | GMT +5
Майкл Джексон туралы деректі фильм солтүстікамерикандық прокатта 2,2 миллион доллар жинады
АНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Майкл Джексон туралы «Майкл Джексон: Өтті бәрі осылай» («Michael Jackson: This Is It» атты деректі фильм-концерттің тұсаукесерінен кейін алғашқы тәулік ішінде солтүстікамерикандық прокатта 2,2 миллион доллар жиналды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.
Кассалық қаражатты бағалай отырып фильмнің дистрибьюторы Sony Pictures компаниясы қарапайым тұсаукесер және осындай жанрдағы картина үшін оны «теңдессіз» деп атады.
Қазіргі сәтте қарапайым тұсаукесерлердегі кассалық қаражат бойынша «Кариб теңізінің қарақшылары. Қиыр шетте» деп аталатын фильм рекордшы болып табылады. Ол прокаттың алғашқы күнінде 13 миллионнан астам доллар жинаған болатын.