16:26, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Майкл Джексон туралы фильм 21 миллионнан астам доллар жинады
АНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Майкл Джексон туралы "This Is It" фильмі алғашқы уикэндте 21 миллионнан астам доллар жинады, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Батыстық агенттіктердің хабарлауынша, өткен демалыс күндері бұл фильм өз кезегінде 16,5 миллион доллар жинаған "Паранормальды белсенділік» жаңа фильмінен озып отыр.
"This Is It" фильмі маусымның 25-інде Лос-Анжелесте дүниеден өткен поп-музыка королі Майкл Джексонның өтпей қалған концерттеріне дайындық сәттеріне негізделген.