Майкл Джексон туралы толықметражды фильм түсірілмекші
АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Sony Pictures компаниясы Майкл Джексон туралы толықметражды фильм түсіруге ниет танытып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Оның негізіне лондондық концертке даярлық үдерісінде музыканттың өліміне дейінгі жақын арада түсірілген материалдар алынбақшы. Атап айтқанда, бұлар - бірнеше бейнеклиптер. Клиптер 3D форматында көрсетіледі деп ұйғарылып отыр. Картина жыл аяғында прокатқа шығуы мүмкін.