Майкл Джексон жазылмайтын ауруға шалдықты

ВАШИНГТОН. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат – Майкл Джексонның ауырып жүргендігінің жаңа бір дерегі жария болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Соңғы апталарда әнші Беверли-Хиллздағы емханалардың біріне жиі барғыштап кеткен, сөйтсе ол онда антибиотиктермен емдеу курсын қабылдап жатқан болып шықты. Емханадағы дереккөздердің бірінің айтуынша, Майкл Джексон стафилококты инфекциядан зардап шегетін көрінеді, ол инфекция әншінің мұрнына жасалған кезекті хирургиялық операция кезінде жұққан деген пайымдау бар. Инфекция әншінің терісіне тез тарап жатыр: оның бетінде де, денесінде де инфекция белгілері бар. Дәрігерлердің айтуынша, бұл - антибиотиктермен оңай емделе қоймайтын және орны толмас салдарға әкелуі мүмкін MRSA инфекциясының ауыр түрі.
Соңғы жаңалықтар