Майкл Джексонмен қоштасу стадионда өтеді

МӘСКЕУ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Бұдан бір апта бұрын қайтыс болған Майкл Джексонның туыстары әншімен оның тұрағы «Неверлэндте» жеке немесе жаппай қоштасу рәсімін өткізбейтінін растады.
None
None


Осылайша олар әншінің мүрдесімен фанаттардың қоштасуы үшін дәл осы жерге қойылатыны туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының деректері бойынша, әншімен қоштасу рәсімі Лос-Анджелестегі «Стэплс Орталық» спорт алаңында өтуі мүмкін. Ол шілденің 7-сінде өтеді.

Стадион биылғы жазда Лондонда Майкл Джексонның концертін өткізуді ұйымдастырумен айналысқан AEG калифорниялық компаниясының меншігі.

Соңғы жаңалықтар