Майкл Джексонның ағасы қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM – Jackson 5 тобының мүшесі және марқұм Майкл Джексонның ағасы Тито Джексон 70 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды BBC.

Тито Джексон
Фото: ВВС

Өлімнің себебі әлі анықталған жоқ. 

Тито Джексон 2009 жылы қайтыс болған ағайынды Джеки, Джермейн, Марлон және Майклмен бірге соул-топта өнер көрсетті. 

Музыканттың өлімі туралы жаңалықты оның үш ұлы Instagram-дағы жазбасында растады. 

The Jackson 5 тобы – 70-жылдардың басындағы ең үлкен поп-музыка құбылыстарының бірі.

Олар алғашқы төрт синглы («I Want You Back», «ABC», «The Love You Save» және «I'll Be there») АҚШ чартында тарихта алғаш рет бірінші орында тұрған алғашқы топ болды. 

Титоның інісі Майкл Джексон – поп-музыка тарихындағы ең табысты орындаушылардың бірі, «Поп-музыка патшасы» ретінде әйгілі, ол 15 «Грэмми» сыйлығының иегері. Майкл Джексон 2009 жылы 25 маусымда қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар