Майкл Джексонның әкесі оның дәрігерін сотқа берді

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Майкл Джексонның әкесі баласының дәрігері болған Конрад Мюррейді «поп-музыка королін» өлтірді деп айыптап,
None
None

оны сотқа берді. Кардилог алты апта бойы әншінің ағзасына күшті әсер етуші "Пропофол" дәрісін егіп, оны клиникалық өлімге ұшыратқан. Дәрігердің әрекеті екінші дәрежелі кісі өлтіру қылмысына барабар, деп хабарлады Майклдың әкесі Джо Джексонның адвокаты Брайан Оксман.

Ол Мюррейдің әрекетін «орыс рулеткасы» ойынынан да бетер, тәуекелшілік деп санайды. Алты апта бойы күн сайын «Пропофол» дәрісін егу, «оқжатарында алты оқпен ойнаған «орыс рулеткасымен» барабар, оны өз қолымен өлтіргенмен бірдей, - деп атап көрсетті заңгер өз мәлімдемесінде. Адвокаттың айтуынша, ол алдағы 90 күннің ішінде дәрігерді сотқа беру ниеті туралы оның қорғаушыларын хабардар еткен. Калифорния штатының заңы бойынша, тараптардың шағым-арыздары кісі өлгеннен кейін 1 жылдан кешіктірілмей берілуі және ол жайында жауап беруші 90 күн бұрын хабардар етілуі керек.

Соңғы жаңалықтар