20:35, 30 Мамыр 2015 | GMT +5
Майкл Джексонның бұрынғы зәулім үйі сатылымға шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір кездері поп-жұлдыз Майкл Джексонның Калифорниядағы Neverland ранчосы 100 млн. долларға сатылымға шығарылды.

Джексон аумағы 1100 гектар жерді 1987 жылы 19,5 миллион долларға сатып алған. Ранчода шағын хайуанаттар бағы, ойын-сауық саябағы, салтанатты бақ пен құрылыстар болған.
2008 жылы, қайтыс болғаннан бір жыл бұрын қарызға батқан Джексон оны сатып жіберді.
Үйдің қазіргі иелері оны жөндеуден өткізіп, енді сатуға қойған, деп жазады Би-би-си .