Майкл Джексонның дәрігеріне қатысты сот ісін тыңдау басталды
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Поп-музыканың майталманы танылған Майкл Джексонның күтпеген жерден дүниеден озғанына 1,5 жыл толған шақта, Калифорнияның сот орындары миллиондаған табынушылары бар әншіні қасақана өлтірді, деген айып тағылып отырған дәрігерге қатысты сот іс қарауға кірісті,
деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.
Сейсенбі күні Лос-Анджелесте басталған сот отырыстарының ұзаққа созылатын түрі бар. Мұндағы мақсат - кардиолог Конрад Мюррейдің үстінен толықтай сот ісін қозғау үшін қажетті, оның кінәсін дәлелдейтін айғақтардың жеткілікті- жеткілікті еместігін анықтау.
Өткен жылдың 25 маусымында Конрад Мюррей танымал әншіге Лос-Анджелестегі үйінде әсері өте күшті "Пропофол" препаратын еккен де, мұның соңы әншінің өлімімен аяқталған.
Әнші жедел жәрдем келгенше көз жұмады. Аймақтық прокуратура, Мюррейді "қылмыстық жайбасарлыққа барды" деп айыптап отыр.