Майкл Джексонның денесі жер қойнына берілді
АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Майкл Джексонның денесі жер қойнына берілді. Әнші Лос-Анжелестегі Форест Лаун зиратына жерленді,
деп хабарлайды РСН агенттігі.
Жабық жағдайда өткен рәсімге поп-музыка королінің тек туыстары ғана қатысты. Ал әншінің денесі жер қойнына берілген жер қатаң түрде құпия сақталуда. Туыстары музыкантты сот-медицина сарапшылары Джексонның миын қайтарғаннан кейін ғана жерлеп отыр. Сарапшылар әншінің миына токсиологиялық талдаулар жүргізген болатын.