Майкл Джексонның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

АСТАНА. Шілденің  10-ы. ҚазАқпарат -    Майкл  Джексонның  өлімінің себебін  анықтаудың ақыры    қылмыстық істің қозғалуына   әкелуі   мүмкін.   Лос-Анжелес    полициясының бастығы Уильям  Браттонның  нақтылауынша, 
None
None

барлығы   токсикологиялық сараптаманың  нәтижесіне  байланысты  болады. «Бұл   өлімге не себеп болғанын:   кездейсоқ  улану ма немесе қасақана кісі өлтіру    ме,  сараптама  дайын болғаннан  кейін  білетін боламыз»,  деп мәлім етті  полиция бастығы.    Тәртіп  сақшылары     көзі тірісінде әншіге  қызмет көрсеткен    дәрігерлерден жауап алуда.  

Джексонның миының    бір бөлігі  қазір сараптамада.    Оның ағзасына  жүргізілген  тексерудің  нәтижесі әншінің  зорлықпен өлтірілмегені туралы түйіндеме  жасауға мүмкіндік беріп  отыр.  Енді    токсикологиялық    сараптаманың  қорытындысы күтілуде,      әншінің жүрегінің  тоқтап қалуына оның     жансыздандыратын   дәрілерді  мөлшерден  тыс ішуі   себеп болғандығы  туралы долбарды осы  сараптаманың  нәтижесі  қуаттайды  немесе  теріске  шығарады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

Соңғы жаңалықтар