Майкл Джексонның ранчосы сатылымға қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниеден өткен белгілі поп-музыка короліне меншігінде болған Neverland мекені сатылымға қойылды. Бастапқыда 26 миллион долларға бағаланған оны енді сатушылар 50 миллионға өткіземіз деп отыр.
«Colony Capital» компаниясының өкілдері жаңа иегері ғимаратты күтіп ұстайды деген үмітте, деп хабарлады The Telegraph. Майкл Джексон өзінің Бабл атты шимпанзесімен бірге тұрған бұл тұрақжай 6 жылдан бері белгілі жұлдыз отбасына тиесілі емес. 2008 жылы оны «Colony Capital» 23,5 миллион долларға сатып алған.
Джексон кезінде қарыздарын жабу үшін оны сатуға мәжбүр болған. Компания басшылығының айтуынша, осы жылдар бойы олар ғимаратты жөндеуден өткізіп, бастапқы қалпына келтірген. Енді оны алғашқы құнынан екі еседен артық бағаға сатпақ. Алайда марқұм әншінің туыстары бұл шешімге наразылықтарын білдіруде. Олар ранчоның жаңа иесі Майклдың жылдар бойы тыңғылықты әсемдеген, рухы сіңген ғимаратты өз қалауынша өзгертіп жіберуі мүмкін деп қауіптенеді. Мыңдаған гектар аумақтағы Neverland осында салынған аттракциондарымен және қорықтарымен қоса сатылады.