Майкл Томпсон: Головкин Канеломен айқасы үшін кем дегенде 25 миллион доллар алуы тиіс
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Лос-Анджелес Лейкерс» командасының бұрынғы баскетболшысы Майкл Томпсон Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Сауль Альварес «Канелоның» (48-1-1, 34 КО) жекпе-жегінен түсетін қаражатты бөлу туралы пікірін білдірді, деп хабарлады Sports.kz.
«Сонымен, Оскарь, мәміле қай дәрежеде? GGG-ге қанша ұсынасың? 2? 4? 10 миллион доллар? Оның тым төмен екенін қашан түсінесің? Головкин кем дегенде 25 миллион доллар алуы тиіс. Себебі Канело бұл айқас үшін 50 миллион доллар алады. Оскарь, көзіңді ашатын кез келді!», - деп жазды Томпсон твиттерде.
Еске сала кетсек, Оскар де ла Хойя Том Леффлерге жекпе-жек үшін 10 миллион доллар ұсынған. Алайда қазақстандық боксшының промоутері одан бас тартқан болатын.