МАЙКӨТОВ ӘДІЛБЕК

көтов Әділбек (1869-1919) - қоғам қайраткері. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолында күрескендердің бірі. Атбасар уезінің Сарышой ауылында (қазіргі Ақмола облысы) дүниеге келген.
None
None

1887 жылы орыс-қазақ училищесін бітірген. Арнайы білімді Омбының фельдшерлік мектебінде алды. Атбасарда дәрігерлік қызмет атқара жүріп, қоғамдық саяси өмірге де белсене араласты. 1905 жылдан бастап Петропавлдағы социал-демократтар ұйымымен байланыста болды.

1905-1907 жылдары Атбасар жұмысшыларының ереуілін ұйымдастыруда белсенділік танытқан. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде қазақ жастарын тыл жұмыстарына мобилизациялауға қарсы шығып, Ұлытау өңірінде қарулы жасақтар ұйымдастырады. 1916 жылы жергілікті өкімет орындары Әділбек Майкөтовті тұтқындап, түрмеге жабады. 1917 жылы ақпан көтерілісінің нәтижесінде бостандыққа шыққан.

Ол Қазан көтерілісінен кейін большевиктер партиясына мүше болып, халық арасында үгіт-насихат жүргізді. 1918 жылы ақпанда Атбасар уездік кеңестерінің съезінде уездік атқару комитетінің құрамына сайланған.

Атбасар уездік кеңесі төрағасының орынбасары, денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі және қазақ бөлімі жұмысына жауапты қызметкер болып қызметтер атқарған.

1918 жылы жазда Атбасарда кеңес билігі құлатылғаннан кейін астыртын жағдайда Уақытша Сібір үкіметіне, Алашорда бөлімдеріне, кейін Колчак диктатурасына қарсы күрестер жүргізді. Атбасар өңірінде партизандар жасақтарын ұйымдастыруға атсалысқан. 1919 жылы қаңтарда тұтқындалып, Колчак үкіметінің Атбасар уездік төтенше комиссиясының шешімімен ату жазасына кесілді.

Атбасар қаласында қоғам қайраткері Әділбек Майкөтовке ескерткіш орнатылған. Астана, Атбасар қалаларында Ә.Майкөтов атындағы көшелер бар.  

  

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том.

Соңғы жаңалықтар