Маймыл лақтырған тас басына тиген қытайлық бизнесмен ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай бизнесмені, Guan Sheng Yuan ірі азық-түлік компаниясының бұрынғы басшысы Вэн Мао (Weng Mao) Юнтай (Хэнань провинциясы) тауларында қыдырып жүрген кезінде оқыстан қаза тапты.

Маймыл лақтырған тас басына тиген қытайлық бизнесмен ажал құшты

Бұл туралы 22 сәуірде қытайлық CCTV News жаңалықтар теларнасы хабарлады, деп жазылды Facebook-те.

Келеңсіз жағдай 19 сәуірде болған. 67 жастағы кәсіпкер өлімінің себебі, оның басына жоғарыдан маймыл лақтырған тас тиген.

Маоны шұғыл ауруханаға апарды, бірақ дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

CCTV News ақпаратына қарағанда, қазіргі уақытта бұл туристік бағдар жабық.