Маймыл шешегінің белгілері қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия маймыл шешегінен сақтану керектігін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Комиссия мәліметіне сенсек, маймыл шешегінің негізгі белгілері - қызба және бас ауруы, жүрек айну, лимфа түйіндерінің қабынуы.

Содан кейін бір жерде 3-5 күннен бастап (инфекциядан кейін) бөртпе пайда болады.

«Бөртпе - ең алдымен дақтар, содан кейін онда мөлдір сулы көпіршіктерге толы ісік пайда болады. Олар сосын іріңдеуі мүмкін. Содан кейін уақыт өте келе беті алынып түсіп кететін қыртыстар пайда болады. Табиғи шешек тыртық қалдырады, маймыл шешегінде тыртық болмайды. Шешек ауруы пайда болған бөртпе өздігінен кетеді, қосымша емдеу қажет емес. Алайда, кез келген жағдайда кеңес алу үшін дәрігермен кеңесу керек» деп ескертеді ведомствоаралық комиссия.


Соңғы жаңалықтар