«МАЙНЕКС Ресей» VII форумын Ларри Кинг ашады
АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - CNN арнасының танымал тележүргізушісі әрі «Larry King Live» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі, сонымен қатар Forbes and Manhattan Group of Companies консультациялық кеңесінің мүшесі Ларри Кинг Мәскеуде өтетін VII «МАЙНЕКС Ресей» форумын ашады.
Форум баспасөз қызметінің ақпараттары бойынша, «МАЙНЕКС Ресей» жұмысына 90-нан астам ресейлік және халықаралық баяндамашылар қатысады.
Биылғы жылғы форумның басты тақырыбы - «Ресей - тың жаңалықтар шебінде» - ресейлік тау-кен өндірістік өнеркәсібі дамуының оң беталысы мен болашақ минералды-шикізаттық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін бейнелейді.
Форумның өзі 2011 жылдың 4-6 қазан аралығында Мәскеудегі Рэдиссон Славянская қонақүйінде өтеді.