Майнерлерге сатылатын тауарлы газдың шекті құны бектілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық майнингке арналған электр энергиясын өндіретін ұйымдар үшін тауарлы газдың шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, тауарлы газды жылдық тұтыну көлемі 10 млн текше метрден асатын ірі коммерциялық тұтынушыларға және цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіретін тұлғаларға ҚР ішкі нарығында тауарлы газды көтерме саудада өткізудің 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағасы бекітілсін», - делінген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қол қойған бұйрықта.

Қосылған құн салығын есептемегенде енді цифрлық майнинг саласындағы ұйымдарға 1 мың текше метр газдың шекті құны мына мөлшерде бекітілді:

Астана қаласы - 43 361 теңге;

Алматы қаласы - 53 254 теңге;

Шымкент қаласы - 49 390 теңге;

Ақмола облысы - 43 361 теңге;

Ақтөбе облысы - 19 619 теңге;

Алматы облысы - 53 254 теңге;

Атырау облысы - 13 712 теңге;

Батыс Қазақстан облысы - 18 078 теңге;

Жамбыл облысы - 49 055 теңге;

Жетісу облысы - 53 254 теңге;

Қарағанды облысы - 43 361 теңге;

Қостанай облысы - 40 353 теңге;

Қызылорда облысы - 35 017 теңге;

Маңғыстау облысы - 21 961 теңге;

Түркістан облысы - 49 390 теңге;

Ұлытау облысы - 43 361 теңге;

Шығыс Қазақстан облысы - 9 076 теңге.

Министр бұйрығы алғаш ресми жарияланған күннен, яғни 30 маусымнан күшіне енді.


Соңғы жаңалықтар