Майра Файзуллаева Азия чемпионатында «қола» иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлады Sports.kz.
Бүгін әйелдер арасында 69 келіге дейін салмақ санатында Құрлықтағы мықтылар анықталды.
Жарыстың чемпионы қоссайыста 247 келі (107+140) жинаған қытайлық Хонли Си болды. Екінші орында солтүстіккореялық спортшы Ун Хай Паек ( 241(106+135). Қола медаль біздің Майра Файзуллаеваға (226 (101+125) бұйырды.