18:40, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Майра Мұхамедқызы «Абай» операсында ойнайды
АЛМАТЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Ақпанның 14-де Қазақ мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театрында А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсы қойылады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат театрдың әдебиет бөліміне сілтеме жсап. Либреттосын Мұхтар Әуезов жазған қойылымда Абай ролін ҚР еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбілов сомдайтын болады. Ажардың ролін ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, Айдарды ҚР еңбек сіңірген әртісі Мұрат Шалабаев, Жиреншені ҚР халық әртісі Ғафиз Есімов, Әзімді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Бөкенов, Сырттанды ҚР еңбек сіңірген әртісі Бейімбет Қожабаев ойнайды.