Майра Мұхамедқызы сайлаушыларды әсем әнмен қарсы алды
«Мен тағдырыма ризамын. Тәуелсіздіктің арқасында өз Отаныма оралдым. Қазақстанды өнер елшісіндей әлем сахналарында танытып келемін. Ешбір сайлаудан қалыс қалмағанмын. Себебі, сайлау – елдіктің нышаны. Өз еліміз бар, өз жеріміз бар, бақытты халықпыз», - деді опера әншісі.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан», ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы сайлау учаскесіне отбасымен келіп, өз ұжымымен сайлаушылардың көңілін аулап, ән шырқады.
«Әрбір адам халыққа өзінің қолынан келетін іспен қызмет етуі тиіс. Мен де бүгін құр дауыс беріп қана қоймай, учаске Опера және балет театрында орналасқан соң, сайлаушылар театрдан ән тыңдамай шықпасын деген ниетпен ұжым болып ән шырқадық. Сайлау – үлкен саяси мереке. Қазақтың қай мерекесі әнсіз өткен?!», – деді Майра Мұхамедқызы.