Майра Мұхамедқызы жартасқа өрмелеп жүріп, ән салды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы жартасқа өрмелеп, ән салып жүр. Бұл жайында қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің Facebook парақшасында мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Майра Мұхамедқызы жартасқа өрмелеп жүріп, ән салды

«Майра Мұхамедқызының өмір жолы өте қызық әрі жарқын оқиғаларғы толы, ол жайлы кино түсірсе артық емес. Ол – жеті жыл бойы Париждегі Гранд Опера сахнасында ән салған жалғыз қазақ қызы. Кеше біз Сілеті шатқалынан келдік. Сол жерде Майра алғаш рет жартасқа өрмелеп көрді. Біз оның салған әнін тыңдап, рахаттанып қайттық», деп жазады Динара Сәтжан.

Парақшада жарияланған видеодан опера әншісінің жартастан түсіп келе жатып, ән шырқағанын көруге болады.

Айта кетейік, Майра Мұхамедқызы - қазақтың ең атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі «Гранд Операда» Қазақстан атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі.