Майя Манеза 2016 жылғы Олимпиялық ойынға қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы, ауыр атлетика бойынша Лондонда олимп шыңын бағындырған Майя Манеза 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтетін XXXI жазғы Олимпиялық ойындарға қатысады. Бұл туралы спортшы Фейсбуктағы өз аккаунтында хабарлады.
None
None

Ол қазір жаттығуды күшейтіп жатқанын айтты. «Мен қазір дайындық үстіндемін. Қазақстанға тағы бір алтын әкелгім келеді!», - деп жазды Майя Манеза.

Еске сала кетейік, жоғары жүлделі медальді ол 2012 жылғы Лондонда өткен ойындарда жеңіп алған. 63 келіге дейінгі салмақ санатында қатысқан Манеза олимпиялық рекорд - 245 келі нәтижені көрсетті.

Соңғы жаңалықтар