04:17, 27 Сәуір 2013 | GMT +5
Майя Манеза бүгін тұрмысқа шығады
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Әлемнің екі дүркін чемпионы, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Майя Манеза мен зілтемірші Вячеслав Ершов 27 сәуір күні Алматыда ресми некелеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы порталға күйеу жігіттің өзі хабарлаған.
«Бізде тек неке қидыру салтанаты өтеді. Үлкен той жасамаймыз. Сондай-ақ Майя білім алып жатқан ҚазҰПУ университетінің сұрауы бойынша «қыз ұзату» өтеді. Олар өздері ұйымдастырып жатыр», - деп бөлісті В.Ершов.
Вячеслав сонымен қатар Майя қызбен қалай танысқаны жөнінде әңгімелеп берді: «Мен өзім ауыр атлетшімін. 2006 жылы Азия ойындарын жеңіп алдым. Майя екеуміз спорттық жаттығу жиындары кезінде таныстық».