Мәздемнің шалбарын киген американдық банк тонады

АСТАНА. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат - Мәздемнің (клоунның) шалбары мен әйелдердің жасанды шашын киіп, денесіне әйелдердің жалғамалы кеудесін тағынған еркек Пенсильванияның банкін тонап кетті. Бұл туралы шілденің 26-сында Associated Press хабарлады.

Мәздемнің шалбарын киген американдық банк тонады

Тонаушы Свиссдейл қаласындағы банкке осының алдында ғана дүкеннен ұрлап алған ойыншық тапаншамен басып кірді. Сомасы нақты айтылмаған біраз қаржыны иемденген ол, ізін суыту үшін көшеде тұрған автокөлікке отырып алды. Оның ішіндегі әйел қарақшыдан қорқып, көліктің кілтін де тастамастан, полицияны көмекке шақыру үшін ізін суытады.

Осыдан кейін банк тонаушы оған банк қызметкерлері берген ақша салынған пакетті ашады. Сол кезде қалтаға арнайы салынған құрылғыдан шашыраған қызыл сырға малынып шыға келеді. Осы кезде, көлік иесінің шақыруы бойынша келген полицейлер, қылмыскердің қолына кісен салып та үлгерді. Ұсталған азаматтың кім екені анықталды - ол 48 жасар Деннис Хокинз екен. Ол 230 мың долларға кепілге босатылды.

Осы секілді адам күлерлік жағдай бірнеше күн бұрын Оклахомада да орын алды. Бұнда «Макдональдстің» бұрынғы 51 жасар қызметшісі Шерон Лайн ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу анықтаған мәліметке сәйкес, ұсталған әйел бетперде ретінде жасанды шаш пен еркектердің дене бітімін түзетуге арналған белбеуді киіп, мейрамхананың терезесінен енген секілді. Лайн одан кейін кассаны ашып, аздаған ақшаны алып, ізін суытады. Дегенмен, полицейлер оның жеке тұлғасын тез анықтап, оны үйінен ұстады. Тінту кезінде оның үйінен полицейлер есірткіні тауып, тәркіледі.