Мажар қыпшақтарының мәдениеті фестивалінде Ұлы Даланың этнобұрышы таныстырылды

Министр Қазақстан елшісі Нұрбах Рүстемовке аталған іс-шараға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде, қазақстандық дипломат Қазақстан елшілігі Мемлекет басшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының негізгі аспектілерін іске асыру, сондай-ақ екі ел арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін қолдау аясында елшіліктің фестивальге қатысып отырғанын атап өтті.
Фестиваль шеңберінде қонақтарды қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстыратын этнобұрыш жасақталды. Оған қоса, қонақтарға кәдесыйлар мен имидждік материалдар таратылды, сондай-ақ олар қазақтың тағамдарынан дәм татты.
Этнобұрыш фестиваль қонақтарының Ұлы Дала тарихына деген ерекше қызығушылығын арттырғанын атап өту қажет.
1990 жылы «Мажарстан қыпшақтарының одағы» құрылды, Құрметті көшбасшысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып сайланды. Қазіргі таңда Мажарстанда ХІІІ ғасырда қазіргі Қазақстан аумағынан Еуропаға қоныс аударған шамамен 300 мың қыпшақ ұрпақтары тұрады.