Мажар жастары қазақ тілін меңгеруге жоғары қызығушылық танытуда - Елші Н. Рүстемов
«Мажарлық жастар қазақ тілін меңгеруге жоғары қызығушылық танытуда. Сегед университетінде Алтайтану кафедрасы бар, осы оқу орнында қазақ тілі зерттелуде. Жақында бұл елдің азаматшасы PhD-ді қазақ тілінде қорғап шықты»,-деді Елші.
Н. Рүстемовтың сөзіне қарағанда, бүгінде Мажарстанда елімізден 200-ден астам студент білім алуда, оның ішінде 45-і үкіметаралық келісім аясында оқып жатыр. Атап айтқанда, өзара келісімге орай Қазақстаннан 45 адам, сәйкесінше Мажарстаннан да осыншама адам білім алу тиіс.
«Бүгінде Білім министрлігінде келісу кезеңінде студенттермен алмасуды 200-ге дейін жеткізу туралы ұсынымы жатыр. Өткен жылы бұл ұсынысты Мажарстан Премьер-Министрі В. Орбан енгізген еді. Биылдың өзінде аталған 45 орынға 300-ден астам өтінім келіп түсті, яғни бір орынға тоғыз үміткерге дейін болды», - деді ол.