Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапатталды

АСТАНА. KAZINFORM - Түркі елдерінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапатталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Виктор Орбан
Фото: Кабар

Аталмыш марапат Виктор Орбанға бүгін Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде табысталды.

Саммит барысында ұйым мүшелері 8 құжат қабылдады. Сол құжаттардың ішіндеМажарстан Премьер-Министрін марапаттау да бар.

Жиында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев саммит аясында жасалатын келісімдер түркі мемлекеттерінің әлеуетін арттыратынына сенім білдіріп, Ұйымға төрағалық ететін Қырғыз еліне табыс тіледі. 

Осыған дейін Түркі мемлекеттерінің өзара сауда көлемі 45 млрд доллардан асқанын жазған едік.

 

 

Соңғы жаңалықтар