Мажарстан Президентіне Словакияға кіруге тыйым салынды

АСТАНА.  Тамыздың   22-сі. ҚазАқпарат -  Словакия   өкіметі   Мажарстан  Президенті  Ласло  Шойомға   Комарно  қаласына     келуге  рұқсат бермей  қойды,  деп  хабарлайды РБК агенттігі. Бұл туралы  мәлім еткен Словакияның     премьер-министрі  Роберт   Фицо,   Мажарстан  Президентінің   Словакияға сапар жасау  туралы шешімін  «арандату» деп бағалап  отыр.

Мажарстан  Президентіне Словакияға кіруге  тыйым салынды

Л.Шойом   Словенияның    Комарно  қаласына  бейресми  сапармен,   Мажарстанның       тұңғыш  королі  Әулие  Штефанның ескерткішінің ашылу рәсіміне  қатысу  үшін бармақ  болған. Словакия    өкіметінің     шешімі мажар   президентіне  жол үстінде  жеткен.

Комарно    қаласы   Словакия мен  Мажарстанның шекарасында  орналасқан. Қала тұрғындарының көпшілігін   этникалық  мажарлар құрайды.  Мажар    ұлтының       жағдайы   көрші  Мажарстан  мен  Словакияның   арасындағы  түйінді   мәселелердің бірі  болып  табылады. Мажарстан  словакиялық   өкіметті   мажар  ұлты  өкілдерінің  құқықтарына қысым көрсетуде  деп айыптайды.