Мажарстанда А/H1N1 тұмау вирусын анықтаудың жаңа тест-жүйесі ойлап табылды
АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат - Мажарлық «Диагон» фармацевтикалық фирмасы, А/H1N1 тұмау вирусын анықтаудың жаңа тест-жүйесін ойлап тапқанын мәлім етті.
«Молекулярлық диагностикалық «тестер» өзіміз ойлап тапқан нәрсе және ол шетелдік барлық баламадан асып түседі», деп мәлім етті бейсенбі күні Будапештте өткен баспасөз мәслихатында «Диагон» компаниялар тобының жетекшісі Йожеф Керн.
Оның айтуынша, «доңыз тұмауының» шетелдік тест-жүйесі вирусты үш күннің ішінде анықтаса, ал мажарлық «аспапқа» пациенттің вирусты жұқтырған-жұқтырмағанын 100 пайыз анықтауға екі сағат қана жеткілікті.
Оған қоса, мажарлық прибор өндірісте шетелдік баламадан әлдеқайда арзан, деп атап көрсетеді Керн.