11:47, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Мажарстанда белгісіз біреу мектепте оқ атты
БУДАПЕШТ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат - Мажарстанда белгісіз біреу орта мектепте директор мен бір мұғалімді басынан атып өлтірді.
Оқиға кеше Будапештің жанындағы Чепеле қаласында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Жергілікті полицияның хабарлауынша, бетперде киген біреу мектепке кіріп, екі ер азаматты атып өлтірген және күзетшіні қолынан жаралаған. Қанды қырғынға не себеп болғаны әзірге белгісіз.Полиция қылмыскерді ұстауға көмектескендерге 5 миллион форинт (25 мың доллардан астам) сыйақы беруге уәде беріп отыр.