Мажарстанда «Қазақстанның көшпенділері» атты көрмені 12 мың адам тамашалады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Мажарстанның «Карчаг Кинче» өнер музейінде «Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты көрме аяқталды.

көрме көшпенділер
Фото: Алматы әкімдігі

Экспозицияға қазақ халқының бай тарихи және мәдени мұрасын көрсететін 200-ден астам бірегей жәдігер қойылған.

көрме көшпенділер
Фото: Алматы әкімдігі

Көрмеге келушілерге ұрпақтар сабақтастығының символына айналған Абай Құнанбайұлының домбырасы да ұсынылды.

домбыра
Фото: Алматы әкімдігі

Жалпы көрмені 12 мыңнан астам адам тамашалады.

көрме көшпенділер
Фото: Алматы әкімдігі

— Жоба үлкен қызығушылық тудырды, бұл Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени байланыстың маңыздылығын көрсетеді. Бұған дейін осындай көрмелер Түркия, Оңтүстік Корея, Аустрия, Италия және Чехияда өткен. Енді 12 желтоқсанда Сербияда «Ұлы Даланың мәдени мұрасы» атты көрме ашылады. Жалпы қала әкімі мәдениет саласы өкілдерін дамытуға ықпал ететін тағылымдамаға, білім алуға бағытталған және халықаралық байланысты нығайтуға мүмкіндік жасайтын жобаларға ерекше көңіл бөледі. Мәселен, музей қызметкерлері әлемнің үздік мәдени орталықтарында, соның ішінде әйгілі Луврда білім алып қайтты, — деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

көрме көшпенділер
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, өткен айда Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен барған болатын.

Соңғы жаңалықтар