Мәжбүрлеп орындау комитеті құрылды — Әділет министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде енді Мәжбүрлеп орындау комитеті құрылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен ҚР Әділет министрлігінің баспасөз конференциясында айтылды.

Қазақстан Республикасы әділет министрлігі
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Әділет вице-министрі Даниэль Ваисовтың айтуынша, енді дербес ведомство азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, оның ішінде шағымдарды қарау және оларды қабылдауды жүзеге асыру барысында жедел шешім қабылдауға құқылы.

«Комитет ведомствоаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға, нормативтік-құқықтық актілер мен әдістемелік құралдарды бекітуге, ынтымақтастық туралы, оның ішінде халықаралық ұйымдармен және т. б. меморандумдар жасауға құқылы», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Соңғы жаңалықтар