Мәжіліс 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюдетке енгізілген өзгерістерді мақұлдады

жобасын мақұлдады.
Енгізіліп отырған өзгерістер негізінен ағымдағы жылда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылаумен және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарын оңтайландыруға орай қаражатты қайта бөлумен байланысты болып табылады. Бұл ретте барлық өзгерістер Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру болып табылады. Нәтижесінде 2012 жылға арналған республикалық бюджет кірістері 306,1 млрд. теңгеге ұлғая отырып, 3 трлн. 615,8 млрд. теңге сомасында айқындалады. Бюджет тапшылығы 21,3 млрд. теңгеге ұлғайтылып, 779,8 млрд. теңгені құрайды. Салықтық емес түсімдер 172,1 млрд. теңгеге ұлғаяды.
Сондай-ақ, республика бюджетінің шығыстары 6 трлн. 16,8 млрд. теңге сомасында айқындалды.