Мәжіліс агроөнеркәсіп кешенді дамытуға арналған жобаны өндіріске алды

заң жобасын жұмысқа алды. Аталған заң жобасына бір топ депутаттар бастамашылық жасаған.
Заң жобасында азық-түлік қорын ұйымдастыру және оны пайдалану тәртібін, ережелерін заңдастыруды қарастырады. «Азық-түлік тұрақтандыру қорының халық тұрмысына қажеттілігі, оның маңызы және мемлекеттік қауіпсіздікті қалыптастырудағы орны көпке мәлім. Бұл ретте заң жобасы ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қорғауға да жаңаша әдістемелерді пайдалануды заңдастырады. Яғни құжат дәнді-дақылдар және тағы басқа тағамға пайдаланылатын өсімдіктердің қауіпті ауруларының алдын алу мақсатында қолданылатын жаңа тәсіл мен әдістерді игеруге жол ашады. Отандық тауар өндірушілерге арнайы көмек беру жолдарын шешуге осы заң жобасы ықпал жасайды», - дейді депутат Төлеген Ыбыраев.
Құжатқа Үкіметтің оң қорытындысы берілген. «Атамекен» одағы мен басқа да сарапшылар тобы құжатқа қолдау жасаған. Енді құжат Мәжілістің комитеті шеңберінде құрылған жұмыс тобында талқыланатын болады.