Мәжіліс алдағы күн тәртібін нақтылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін  Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс алдағы күн тәртібін нақтылады

Онда депутаттар «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  Заң жобасын талқылайды. Ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы негізінде және Бюджет кодексіне сәйкес, еліміздің 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сай  әзірленген.

Сонымен қатар, жалпы отырыста депутаттар назарына «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы»  Заң жобасы ұсынылатын болады. 

Жалпы отырыста басқа да заң жобаларын қарау жоспарлануда.