Мәжіліс әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы заң жобасын мақұлдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің қоғам ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыратын бірлестіктер мен кәсіпорындардың жұмысы бойынша

кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметке бағытталған қызметімен таныс. Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, бүгінде осындай жүзге жуық субъект жеңілдетілген салық салуды пайдаланады. Сонымен бірге, қызметі әлеуметке бағытталған ұйымдар шеңбері әлдеқайда кең және олардың саны жыл сайын артып келеді. Оған азаматтық қоғамды дамыту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жаңа деңгейі, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүйесін нығайту мен мемлекеттің бірқатар әлеуметтік функцияларын бәсекелес ортаға беру ықпал етуде», - деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева жалпы отырыста.

Оның айтуынша, қолданыстағы құқық аясы әлеуметтік ұйымдардың кең ауқымдағы қызметін реттеуге мүмкіндік бермейді. Өткен жылы кәсіпкерліктің осы сегментін кеңейту және одан әрі нығайту үшін аталған Заң жобасы бойынша жұмыс басталды. Оған бастамашы болған сәттен бастап әлеуметтік бизнес өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, кәсіби қауымдастықтар, халықаралық сарапшылар тартылған.

Заңның негізгі жобасы үш кодекс пен екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

«Заң жобасында қарастырылған мүмкіндіктерді іске асыру арқылы:

- Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп, кедергісіз орта ұйымдастыру үшін медициналық техника, арнайы құралдар мен басқа да отандық тауарларды өндірушілерді қолдау және ынталандыруға;

- Бизнесті инклюзивтік жұмысқа орналастыру, әлеуметтік оңалту, оқыту және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың осал санаттарының табысын арттыру бойынша проблемаларды шешуге тартуға;

- Кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет саласында көрсететін қызметінің алуантүрлілігі мен сапасын арттыруға болады», - дейді Е. Смышляева.

Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады.


Соңғы жаңалықтар