Мәжіліс Аппаратының басшысы болып Ж. Жүгінісов тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде палата спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтың төрағалығымен алтыншы шақырылған Парламент Мәжілісі Бюросының алғашқы отырысы болып өтті. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.
Отырыс барысында Мәжіліс Бюросы «Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы және Қазақстан коммунистері халықтық партиясының фракцияларын тіркеді. Сонымен қатар, Бюро отырысында Палата вице-спикерлері Гүлмира Исімбаева мен Владимир Божконың міндеттері белгіленді. Бұнымен қоса, Бюроның қаулысымен Мәжіліс Аппаратының басшысы болып Жүгінісов Жасұлан Есенғалиұлы тағайындалды. Ж.Жүгінісов бұған дейін Мәжіліс Аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келген болатын.